• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
15 Қаңтар, 2015

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы  №1442 

288 рет
көрсетілді

2014 жылғы 31 желтоқсан, Астана, Үкімет Үйі «Ұлттық темір жол компаниясы мен ұлттық тасымалдаушылардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 25 желтоқсандағы № 1389 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Ұлттық темір жол компаниясы мен ұлттық тасымалдаушылардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 25 желтоқсандағы № 1389 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 9, 76-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: 2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) «Қазтеміртранс» акционерлік қоғамы - жүктерді тасымалдау жөніндегі;»; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Компания жүктерді теміржол көлігімен тасымалдаушының функцияларын 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін орындайды деп белгіленсін.». 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.